Сүнетті сақтамаудан бір ғана араб елі жігіттерінің 70%-ы бір ғана дерттен зардап шегеді

Сүнетті сақтамаудан бір ғана араб елі жігіттерінің 70%-ы бір ғана дерттен зардап шегеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таяуда Біріккен Араб Әмірлігі тұрғындарының денсаулығына жаппай жүргізілген тексеру нәтижесі мамандардың да, биліктің де, ел тұрғындарының да жағасын ұстатып отыр.

Әбу-Дабидегі әскери емханада қызмет ететін профессор Ашраф Хасан әл-Зааби мен оның командасы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 18-30 жас аралығындағылардан денсаулығы тексерілген 33 мың жасөсіпірім мен жігіттің 70%-ы дұрыс тамақтанбаудан пайда болған артық салмақтан зардап шегеді.

Олардың арасында ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылғандар қарасы көп, яғни, белсіздіктен, сондай-ақ, сусамырдан, гипертониядан, т.б. сырқатқа шалдыққандар қарасы көп. Семіздіктен зардап шегетіндер арасында 18 жасқа дейінгілер қарасы өте көп болып шықты. Бұдан бөлек, жасөспірімдер мен жігіттердің 41%-ның қан құрамында глюкоза деңгейі өте жоғары болып отыр.

Медициналық тексеруден өткен жасөспірімдер жігіттердың 4,7%-на қант диабеті диагнозы қойылды. Аталмыш тексеру нәтижесі бойынша. Тамақтануда шектен шығып, қомағайлыққа, мешкейлікке бой алдырғандардың ақыры індетке шалдықтырады. Семіздік деп аталатын індетке. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: