Facebook-та тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды

Facebook-та тіл тигізгені үшін жұмыстан қуылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Нью-Йорк штатындағы Баффало қалашығында дүкен қызметкерінің әлеуметтік желі арқылы шариғат шәлісін жамылған мұсылман әйеліне тіл тигізгені анықталды.

 

Әлеуметтік желіде әшкере болған бұл келеңсіз жайтты Америка-Ислам қатынасы жөніндегі комитет өкілдері сынай келіп, дүкендер желісінің басшылығынан тиісті шара қолдануды талап еткен болатын.

 

«Америка қоғамында нәсілшілдік дертін қоздыратын, сондай-ақ адам құқықтарына тіл тигізетіндерге орын болмауы тиіс», - делінген дүкендер желісінің басшылығына жолданған хатта.

 

Дүкендер желісінің басшылығы болған оқиғаны байыптай келе аталмыш комитеттің хатта айтылған талабын аяқсыз қалдырмай, боғауыз қызметкерді жұмыстан босатты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: