Осман империясының жәдігерлерін жинаған кітапхана ашылды

Осман империясының жәдігерлерін жинаған кітапхана ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Ыстамбұл қаласындағы Топқапы сарайында түрік елінде теңдесі жоқ кітапхананың тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл жайында timeturk.com басылымы хабарлаған болатын.


Сөрелеріне сонау Осман империясы заманындағы көне кітаптарды жиыстырған аталмыш кітапхана осыдан алты жыл бұрын жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Бүгінде туристер үшін есігі айқара ашылған керемет кітапхананың қорында қолмен жазылған көне жәдігерлердің ұзын саны -18 мың 622. Сондай-ақ, бұл кітаптардың барлығы да түпнұсқа екендігін айта кеткеніміз жөн болар.

 

Салтанатты шараға қатысқан мәдениет және туризм министрі Өмір Челіктің мәлімдеуінше, сонау алыс замандардан сыр шертетін қолжазба кітаптарға қарап, сол кездегі түрік елінің мәдениеті мен әдебиеті қаншалықты жоғары болғанын біле аламыз. «Біздің арғы ата-бабаларымыздың атақты империясының тек қантөгіс пен жорықтан құралмағанын, мәдениет пен ғылымның, әдебиеттің де дамуына зор үлес қосқанын мақтанышпен айтуымыз керек», - министр өз сөзінде.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: