Әлем экономикасы ислам тұрғысынан талқылануда

Әлем экономикасы ислам тұрғысынан талқылануда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Ыстамбұл шаһарында ислам экономикасы мен қаржысына қатысты 9-шы халықаралық конференция басталды. Anadolu агенттігінің хабарлауынша, конференция «Ислам тұрғысынан экономиканың өсімі, теңдігі және тұрақтылығы» және «Тұрақты қаржы әрі халықаралық ислам экономикасының дамуы» деген қос тақырып аясында өтеді.

Сондай-ақ, ислам дініндегі бизнес әдебі мен құндылығы, қасиетті Құрандағы сауда-саттық ұғымы, мұсылман елдеріндегі Араб көктемі талқыға түседі. Мұсылман елдерінің экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық зерттеулер орталығының бас директоры (SESRIC) Сауаша Аллаяның айтуынша, күллі әлемді шарпып, шайқалтқан қаржы дағдарысы аяқталғанымен халықаралық қаржы құрылымы қайта қарауды және баламалы қаржы жүйесін құруды қажет етеді. Әлем байлығының 40 пайызы ат төбеліндей топтың (0,6 пайыз) қолында екенін айтуды да ұмытпады. Бұл - еуропалық қаржы жүйесінің кемшілігін айғақтайды. Тығырықтан ислами қаржы жүйесі алып шығады. Алайда, ол толық қалыптасып, даму даңғылына әлі түсе қойған жоқ.

 

Осы жиында сөз алған Исламды үйрету әрі зерттеу институтының (IRTI) бас директоры Азми Омар қазіргі уақытта көптеген елдердің өз экономикасына ислам банкингін енгізіп жатқанын тілге тиек етті. «Ислам экономикасының әлдеқайда тұрақты екенін адамдар біле бастады. Оның үстіне, клиент үшін қосымша бонус болып табылатын пайыздық өсім жоқ. Біздің міндетіміз - әлем жұртшылығына ислам банкингі жайында хабардар ету»,- деді ол өз сөзінде.

 

Түрік жерінде өтіп жатқан аса маңызды аталмыш шараны Мұсылман елдерінің экономикалық және әлеуметтік, стратегиялық зерттеулер орталығы (SESRIC), Исламды үйрету әрі зерттеу институты (IRTI), Катарлық ислами зерттеу факультеті (QFIS), Мұсылман экономикасы жөніндегі халықаралық қауымдастық (IAIE), сондай-ақ, Ислам даму банкі (IDB) ұйымдастырды.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: