Күнә іздеуші де кінәлі

Күнә іздеуші де кінәлі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні түнде ел басқаратын халифа Омар (р.а.) мен Абдуррахман ибн Ауф Мәдина қаласының көшелерімен келе жатып бір үйден дабырлаған дауыстар естіді. Үйге таяп келген халифа:

– Ей, Абдуррахман! Мынау кімнің үйі екенін білесің бе? – деп сұрады. Абдуррахман: – Білмеймін, – деп жауап берді. Халифа өзі:

– Бұл – Рәбиға ибн Үмәйяның үйі. Іштегілер тегіс арақ ішкенге ұқсайды. Мастықпен айғайласып отыр. Бұларды мықтап тұрып жазаласақ қалай қарайсың? Абдуррахман ибн Ауф болса:

– Маған салсаңыз, жазаға олар емес, біз лайықты секілдіміз! – деді именбестен. Тосын жауапқа халифа іркіліп қалды. Сөйтті де:

– Неге? – деп сұрады артынша таңданысын жасы- ра алмай. Сонда қасындағы саңлақ сахаба оның себебін былай деп түсіндірген еді:

– Өйткені Алла Тағаланың «Адамдардың жасырын күнәларын іздестірмеңдер!» деген бұйрығы бар. Біз болсақ түннің бір уағында елдің үйіне келіп, тіміскіленіп, олардан қателік іздеп жүрміз. Негізі, жазаны біз тартуымыз керек!.. Абдуррахманның көкейге қонымды сөзіне ойла- нып қалған халифа оған:

– Ендеше, кеттік бұл жерден! Әйтпесе, расында да жазаны олар емес біз тартуымыз мүмкін, – деген еді асыға. Былай шыға бере халифа өз-өзінен күбірлеп бара жатты. «Ойы да, жөні де түзу осындай достардан Алла Тағала бізді мақұрым етпегей!

Менікі ғана дұрыс деп, кеудемсоқтыққа салынудан сақтасын! Білмегеніңді білгеннен сұрап, соның айтқанына көне білген қандай жақсы!» Расында да, қарғыстың ең жаманы «Өзің білме, білгеннің тілін алма» емес пе?!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: