Ислам елдері апатқа ұшыраған елдерге көрсеткен жәрдемдері жағынан БҰҰ-нан 15 есе көп болған.
Бұл мәлімет туралы, Малайзия Халықаралық университеті ислам экономикасына орай сараптауында, аталмыш оқу орнының экономика факультетінің директоры, профессор Мұхаммед Аслам Ханиф «Ислам дүниесінің бір жылда көрсеткен жәрдемі БҰҰ-ның халықаралық жәрдем пакетінен 15 есе көп» деді.
9-халықаралық ислам экономикасы және материалдық жәрдем бойынша мәжілістің екінші күнінің ашылуында сөз сөйлеген Ханиф ислам дүниесінің жәрдемдесуге үлкен көмек көрсетуін мәлім қылып «Ислам дүниесінің бір жылда көрсеткен жәрдемдері БҰҰ-ның Халықаралық жәрдем пакетінен 15 есе көп, ислам қайырымдылық қоры мен зекет қоры бірлікте материалдық жәрдем бере алады, алайда өкіншке орай бұл жәрдемдердің көбісі тізімге алынбаған. Ислам дүниесінде материалдық көмектерді тәртіпті қадағалау бүкіл тараптарға үлкен үлес қосады» деп жеткізді.
Интернет материялы бойынша аударып дайындағандар,
Жұбатқан Жалғас.
Көгедай Шәмерхан
hibatulla.kz