ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда болған террорлық актіге байланысты ел президентіне көңіл айтты.
Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады. Көңіл айту мәтінінде:
«Ауғанстан президенті Гани мырзаға және ауған халқына көптеген адамдардың өліміне әкеп соққан Газни қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтамын», — делінген.


03 Тамыз 2026
18 Сафар 1448

