Мұсылманшылық қызмет

Мұсылманшылық қызмет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Американың Миссури штатының тұрғыны Әділ Имдаттың 28 жастағы ағасы тұтқиыл қаза тапқан. Мұсылмандар аз тұратын мемлекеттерде өлген адамды жерлеу оңай емес. Имдат сондай жағдайға тап болды. Сонда ол ағасын мұсылманша жерлеуім керек деп шешкен. «Өлім хақ, әрбір отбасының басында бар, бірақ ойламаған жағдайда қаза болған адамның жақындары бір сәт дағдарып қалады екен. Мен мұны өз ағамды жерлеу барысында көрдім», дейді Әділ Имдат. Бұрындары мұндай жерлеу рәсіміне 7000 доллар жұмсалатын, қазір арнайы жерлеу рәсімі мұсылмандарды шақырып көмек арқылы атқаруға болады. Ислам дінінде адам өліміне, жерлеуге ешқандай артық шығын шықпайтындығы, өліні құрметтеп көп сақтап қоймайтындығы, арнайы табытқа салынып көмілмейтіндігі, Әділ Имдатқа үлкен ой салған. Әділ Имдат мұсылмандардың ағасын жерлеуде көмектескендері үшін дән риза.


                                                                                                   
Жұбатқан Жалғас

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: