Жүз жылдан соң жаңғырған мешіт

Жүз жылдан соң жаңғырған мешіт

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Грецияның Салоники қаласындағы «Йени» орталық мешітінің бой көтергеніне дерлік бір ғасыр болды. Кезінде мұсылмандар осы мешітте намаз өтеп келген болатын. Жұпыны жетіп тозған мешіт араға 100 жыл салып мемлекет тарапынан қайтадан күрделі жөндеуден өтіп іске қосылуы, мұсылмандарды ерекше қуанышқа бөледі. Осы мешіт 1902 жылы Осман империясы тұсында Италиялық сәулетшінің Виталиано Позеллидің жобасыменен тұрғызылған. 1923 жылға дейін мешіт өз жұмысын атқарып келген. Осыдан кейін түрліше жағдайларға байланысты мешітті тек көргізбе ретінде пайдаланып келген еді. Енді мұслмандардың ғибадат етуі үшін қайтадан қолданысқа беріліп отыр.

 

Көгедай Шәмерхан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: