Алтын белгі иегерлері Нұр-Мүбарак университетін таңдайды

Алтын белгі иегерлері Нұр-Мүбарак университетін таңдайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы ҰБТ тапсырған мектеп түлектері 20 маусымнан бастап таңдаған оқу орындарына құжаттарын тапсыра бастады. Нұр-Мүбарак университетінің қабылдау комиссиясына қазірдің өзінде 3 Алтын белгі мен бірнеше қызыл аттестат иегерлері құжат тапсырды, — деп хабарлайды аталмыш білім ордасының баспасөз қызметі.

   «Менің Нұр-Мүбарак университетін таңдаған себебім, бұл еліміздегі бірегей ислами университет қана емес, бұл жерде дәл қазір қоғам үшін аса қажетті мамандықтар оқытылады. Әрине, барлық мамандықтың өз орны бар. Бірақ кезінде Қаныш Сәтбаев қазба байлығы мол қазақ еліне аса маңызды геология мамандығын таңдаса, мен де қазіргі жаһандану үдерісіне қазақ қоғамының жұтылып кетпеуіне барынша тосқауыл жасаушы руханиятқа үлес қосып, еліме қызмет етсем деймін.

Шетелге бармай-ақ өз елімізде, Нұр-Мүбарак университетінде әл-Азһар университетінің профессорларынан дәріс алу мүмкіндігі болғандықтан, қабілетімді толық пайдалануға жағдай жасалған осындай білім шаңырағын таңдадым», — дейді озық ойлы талапкерлердің бірі, Алтын белгі иегері Ілияс Қадыр. Айта кететін бір жайт, исламтану, теология, дінтану мамандарын даярлауда еліміздегі облыс әкімдіктері Нұр-Мүбарак университетінде білім алушылар үшін арнайы грант та бөледі.

Қазірдің өзінде жаңа қабылдау науқанына орай Ақтөбе өңірі «исламтану» және «теология» мамандықтары бойынша Ақтөбе облысы әкімінің 9 грантын (теология – 5, исламтану – 4 грант) бөліп отыр. Жаңа оқу жылында бірнеше өңір әкімдіктері мемлекеттік грантқа ілінбей қалған жастарды қолдау мақсатында арнайы келіп, келісімшарт та жасайды. Ал осы күндері қызу жүріп жатқан құжат қабылдау 7 шілде күні аяқталып, 8 шілдеде шығармашылық емтихандар басталады. 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: