Діни дұрыс ақпарат беруде мешіт басшылығымен ашылған сайттардың орны ерекше. Еліміздегі діни ахуал, әлемдегі діни жаңалықтар, жамағаттың көкейкесті сауалдарының жауабы, дәстүрлі ислам дінін насихаттайтын мақалалар, бейнежазбалар, намаз оқу үлгісі, Құран сынды рухани дүниелерді осы сайттардан еш күдіксіз оқи аламыз. Өйткені аталған сайттар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен қаралады.
Осындай көпшіліктің сұранысына толық жауап беріп, қазақ даласы ғана емес АҚШ, Монғолия, Қырғыстан, Өзбекстан, Ресей сынды елдердегі мұсылмандардың оқитын сайты asyldin.kz.
Сайттардың рейтингісін анықтайтын zero.kz порталына Республика бойынша бүгінде 2776 сайт тіркелген. Жалпы көрсеткіш бойынша біздің парақша 146 орында тұр. Ресми сайтымыз zero.kz порталының деректеріне сүйенсек, Қазақстан бойынша діни сайттардың ішінде 3 орынды иеленіп отыр. Ал 1-орында azan.kz, 2-орын mazhab.kz, 3-орын asyldin.kz, 4-орыннан muslim.kz көрінді.
Айта кету керек, сайттың мобильді нұсқасы да бар. Оны жүктеп алып, жаңалықтарды бірінші болып оқыңыз, діни сауалдарыңызға жауап табыңыз. Біз, сіздей оқырмандарымызбен қуанамыз!
asyldin.kz