Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері Бас қолбасшысының орынбасары, Әбу Даби әмірлігінің Тақ мұрагері Шейх Халифа Бин Заид Әл Нахаян 1990-жылы Жас шаңырақтарды қолдап-қуаттау дамыту қорына бастама болып көмек көрсеткен еді. Бүгінге дейін осы қор жас шаңырақтарға 348 миллион доллар көлемінде жәрдем атаған. Қор басшысы Хабиба Әл- Хұмаини үстіміздегі жылы бұндай сауапты іске 59 жарым миллион доллар жаратылатынын мәлім етті.
Жұбатқан Жалғас