Христиан және Әлидің (р.а.) шапаны

Христиан және Әлидің (р.а.) шапаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында хазірет Әлидің (р.а.) шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер- өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылды. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді.

Қазы: – Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп христианға қарады. Ол болса халифа Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айт- ты. Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып: – Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма? – деп сұрады.

Хазірет Әли күлген қалпы: – Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ, – деді. Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хазірет Әлиді христианға жығып берді. Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәлден кейін қайта бұрылып келіп, былай деді: – Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей қатысты болса керек.

Негізі, мына шапан Әлидікі еді, – деп шапанды хазірет Әлидің өзіне қайтарды. Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен хазірет Әли бастаған «Нехриван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай соғысқан.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: