Тас сараң

Тас сараң

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жабир (р.а.) әңгімелеуде:

Пайғамбарымыз Расулаллаһқа  бір кісі келіп:

– Я, Расулаллаһ! Пәлен деген көршім құрмасының қоқыстарын менің аулама тастайды. Маған жамандық жасауын тыяр емес,- деп мұңын шақты.

Пайғамбарымыз әлгінің көршісін шақырып алып:

– Көршіңнің ауласына тастап жүрген құрмаңның қажетсіз ағаштарын маған сат,- деп сұрады.

Әлгі кісі бірден:- Болмайды,- деп үзілді-кесілді келіспеді.

– Онда маған сыйлашы, – деп өтінді.

Әлгі кісі тағы да:

– Болмайды,- деді.

– Онда маған беріп, орнына Жұмақтық қайтарымын ал, – деп ең бір бағалы ұсыныс жасап еді, бұл жолы да әлгі кісі сазарған қалпы:

– Болмайды,- деді.

Сонда Пайғамбарымыз  кейіген күйі:

– Сәлемдесуден қашатын кісілерді қоспағанда (бүгінге дейін) сенен өткен сараң адам көрмеппін,- деген еді тұнжырап...

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: