1. Қателіктеріміз бен кемшіліктерімізді мойындау.
Мәселенің шешімін табу үшін, оны көріп-білген маңызды. Демек, өзіміздің төменде көрсетілген рухани әлсіздігімізді мойындағанымыз жөн:
– әлсіз иманымызды танып-біле алмауымыз;
– тек Алла Тағала ғана біздің мәселелерімізді шешеді дегенді елемеу;
– рухани құлазушылық сезімі.
2. Алла Тағаладан жәрдем тілеңіз.
Рамазанның басындағы жақсы ниет пен керемет құлшыныс тек Алланың мейірімінің арқасында ғана болған және тек Ол ғана осы ыждаһатымызды қасиетті айдың соңына дейін сақтай алады. Алла Тағаладан жәрдем мен қолдау, сондай-ақ, сіздің жақсы амалдарыңыздың қабыл болуын тілеңіз.
3. Адамдардан көмек сұрауға ұялмаңыз.
Жақсы амалдар, игі бастамалар жасауда туған-туыстарыңыз бен достарыңыздың көмегіне жүгінуден бас тартпаңыз. Бірігіп ауызашар беріп, тарауық намазға бірге барып, мұқтаж жандарға көмектесе аласыздар. Бұл тек қана жаңа рухани жеңістерге жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар, қарым-қатынастарыңыздың жақсаруына әкеліп соғады. Сондай-ақ, сіздер өзгелерге де үлгі бола аласыздар.
4. Егер сіздің діни қарқыныңыз бәсеңдеп қалса, онда өзіңізге шамалы мұрсат беріңіз.
Егер өзіңіздің діни қарқыныңыз Рамазан айының басындағыға қарағанда анағұрлым бәсеңдеп қалғанын сезсеңіз, онда Алла Тағалаға мадақ айтып, Оны дәріптеп сізге осы қасиетті айды лайықты түрде тәмамдауға күш-қуат беруін тілеңіз. Салыңыз суға кетпесін. Ісіңіз оңға басып тұрғанда Алла Тағалаға алғыс айту оңай екенін естен шығармаңыз. Алайда шынайы иман келтіргендер Алла Тағаланы сынақ кезінде мадақтап, шүкіршіліктерін білдіреді.
5. Сәтсіздікке ұшырап жатсаңыз, қамықпаңыз.
Алла Тағала бізге қайта-қайта Оған оралуға мүмкіндік берген. Міне, Исламдағы құлшылық көркемдігі осында. Адамзат баласына қателесу маңдайына жазылған, қателеспейтін адам болмайды. Рамазанның соңғы күндері жақсы амалдар жасауға асығуымыз керек. Мүмкін тек осы амалдарымыз өміріміздің босқа өткен күндерін толтырып кетер...
Рамазан айында күнәларымыз кешіріліп, дұғаларымыз қабыл болып, ал жақсы амалдарымыз үшін берілетін сый екі еселенетінін есімізден шығармайық. Осы мүмкіндікті пайдаланбасақ, біздің қатты қателескеніміз.
Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: “...Алла Тағала аз да болса ұдайы жасалатын амалдарды жақсы көреді” (Бұхари, Мүслим).
Ендеше, жақсы амалдарымызды тек қана Рамазан айында ғана жасап қоймай, өзге айларда да ұдайы жасап отыруға Алла Тағала нәсіп етсін.
asyldin.kz