Қадір түні – тағдыр түні

Қадір түні – тағдыр түні

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр.

"Қадір" сөзі нені білдіреді?

Қадір түні жайлы Құранның "Қадір" сүресінде: "Біз оны (Құран) Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні мың айдан да қайырлы. Бұл түні Раббыларыңның рұқсатымен бүкіл періштелер және рух (Жәбірейіл) әрбір іс үшін жер жүзіне түседі. Бұл түні есендікке толы болады. Ол таң шапағына дейін жалғасады" деген.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) "Кімде кім Қадір түнінің мол сауабына сеніп, ықыласпен өткізсе, күнәлары кешіріледі" деп бұйырды.

Қасиетті Рамазан айында туған балаға қандай есім қоюға болады?

Біріншіден, "Қадір" сөзі "үкім кесілетін түн" дегенді білдіреді. Бұл жайлы Құран Кәрімде "Ол кеште барлық хикметті істер айырылады" деп бұйырылады. Осыған орай, Қадір түнінде Алланың тағдырды үкім ететін мезгілі, яғни әуелгі тағдырдың (ләухул-махфуз) паш етілуі меңзелген.

Екіншіден, "Қадір" сөзі "абырой, ұлылық, орасан зор" мағынасын береді. Себебі, Қадір түні – ұлық және аса қасиетті кеш болып саналады.

Үшіншіден, "Қадір" сөзі "сығылысу, нығыздалу" мағынасын береді. Өйткені, бұл түні бүкіл періштелер жер бетіне түскенде жер жүзі тарлық етіп, олар сыймағандықтан бір-біріне сығылысады.

Рамазан айының соңғы он күнінде және Қадір түнінде не істеу керек?

Қадір түні – Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн. Бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар. Бұл қасиетті түнді Аллаға құлшылық жасап, намаз оқып, Құран Кәрім оқып, үйреніп, үйретіп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с)  салауат айтып, уағыз-насихат тыңдап, Алладан кешірім тілеп, жақсы-жаман істерге есеп беріп, жиі-жиі дұға жасап өткізген абзал.

Қадір түні қандай дұға оқу керек?

Осы түні айтылатын арнайы дұғаларға келсек, Айша (р.а.) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с): "Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын" деп сұрағанда, Алла елшісі: " Уа Аллам! Сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, менің күнәларымды кешіре гөр", - деп дұға етуге кеңес берген. Қадір түнінің құрметіне Раббымыздан барша мұсылманның амандығын, өзара достық пен бауырмашылдықтың артуын, Ислам әлемінің біртұтастығы мен күллі адамзатты апаттардан сақта деп тілеуіміз шарт.

Алла Тағала Құран-Кәрімде: «Періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) ол кеште Раббыларының рұқсаты бойынша барлық іс үшін түседі» (Қадір, 4) – деп бұйырылады. Иә, Қадір түнінің құт-берекесі шексіз. Себебі, жер бетіне сан мыңдаған періштелер түседі. Періштелер тіпті жер бетіне сыймай, бір-біріне сығылысады. Алла Елшісінің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) келесі бір хадис-шарифінде: «Ол түні жер бетіне түскен періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп» (Ахмад, 10316) деп хабарлайды.

 

Хақ-Тағаланың бір түндік ғибадатты мың айдан да қайырлы етуі, сөз жоқ, Жаббар-Хақтың мұсылман үмбетіне деген ерекше мейірімі мен рахымдылығы еді. Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім Қадір түнінің артықшылығына нанып, Алладан сауабын күтіп, құлшылық қылса, жасаған күнәлары ғафу етіледі» (Бұхари, Қадір, 1) дейді. Иә, мұндай мүмкіндік һәм мұндай мың айдан да қайырлы мезет мұсылман үмбетінің пешенесіне ғана жазылған илаһи тарту. Олай болса, қадірменді ағайын Қадыр түнінің мүмкіндігінен мақұрым қалмай, таң рауандаған шаққа дейін жансебіл рухта Хаққа құлшылық қылып, жан-жүрегімізбен Алаштың қамы үшін дұға-тілек жасайық. Алла-Тағала Рамазаннан Рамазанға аман-есен жетіп, дәйім қасиетті Қадір түнін қарсы ала беруді жазсын! Әумин!

Қанат ҚУАНЫШБЕКОВ,

 «Айсұлу ана» мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: