Самарқанд қаласында «Сахид Имам Аль-Бухари» қонақ үйінің құрылысы үшін негіз қалаушы салтанатты рәсім өтті. Өзбекстан мемлекеттік туризм комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл «халал» халықаралық стандарттарына сәйкес келетін республикадағы алғашқы қонақүй.
Имам Әл-Бұхари кешенінің аумағында құрылыс жұмыстары Sahid Group және SAG компаниялары тарапынан жүргізіледі. Алғашқы кезеңде қонақ үйдің 100 бөлмесі болады, алайда алдағы бес жылда олардың саны 300-ге дейін өседі.
Әрбір қонақ үйде Меккеге қарай қыбла бағытын көрсетуші, сондай-ақ Құран, жайнамаз және дәрет алатын құман болады. Барлық тамақ шариғаттың нормаларымен қамтамасыз етіледі.
asyldin.kz