Мұсылман қызы жылдың IT маманы атанды

Мұсылман қызы жылдың IT маманы атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Эфиопиялық 21 жасар Эбтисам Мохаммедсалих Швецияда Microsoft компаниясының «2019 жылдың ақпараттық технология саласындағы үздігі» марапатын алды, деп хабарлайды Islam.ru.

Эбтисам әйгілі компанияның марапатын ие болғанына қуанышты екенін айтады. Швецияға ол Эфиопиядан 4 жыл бұрын көшіп келген. Оның айтуынша, өзге елде туып, өзге мәдениеттің өкілі болса да осындай марапат алудың мәні ерекше.

Аталмыш марапат осымен 17 жыл қатарына беріліп келеді. Microsoft сайтында марапаттың мақсаты ақпараттық технология саласында білім алуға деген әйелдердің қызығушылықтарын арттыру екені жазылған.

Технология мен кәсіпкерлік әйелдер үлесінің жеткіліксізді сезілетін салалар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл марапатқа қойылар талаптар – қыз-келіншектердің жан-жақтылығы, білімі, теңдік және инклюзивтілік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: