2018 жылы әлемнің 53 елінде 113 миллион адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Бұл туралы Еуропалық Одақ, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы және БҰҰ-ның Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы бойынша дайындалған баяндамасында айтылған.
Құжатқа сәйкес әлемдегі аш халықтың үштен екісі - Ауғанстан, ДР Конго, Эфиопия, Нигерия, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия және Йеменде тұрады. Айта кету керек, аш аурудың саны 2017 жылға қарағанда 124 млн. адамға азайған. Сондай-ақ, деректердің жетіспеушілігіне байланысты есеп 13 елдің, оның ішінде Солтүстік Корея мен Венесуэла статистикасын есепке алмай есепке алынды.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ жіктемесіне сәйкес, «өткір аштық» немесе «өткір азық-түлік тапшылығы» - жеткілікті азық-түліктің болмауына байланысты адамның өміріне қауіп төндіретін жағдай.
asyldin.kz