Жасанды интеллект 300 қылмыскерді ұстауға көмектесті

Жасанды интеллект 300 қылмыскерді ұстауға көмектесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жылы Oyoon жобасы аясында жасанды интеллекті жүйесін қолданатын мыңдаған бейнебақылау камерасы Дубайда 319 күдіктіні ұстауға көмектесті, деп хабарлайды Қылмыстық тергеу департаментінің лейтенанты Әли әл-Шехи.

«Камералар Дубайдың әртүрлі аудандарында автоматты адам тұлғасын анықтау технологиясының көмегімен 319 күдіктіні ұстауға көмектесті» деді ол Intercontinental Hotel ғимаратында өтіп жатқан үздік полиция тәжірибесі 12 халықаралық симпозиумындағы таныстыру рәсімінде.

Бақылау камералары автокөліктердің нөмірлерін де анықтай алады. Сондай-ақ, камералар қала бойынша нақты уақыт режимінде Орталық командалық кеңсеге жазбаны таратады. Онда аудандағы туристік аймақтар, дүкендер мен көше бойындағы қозғалыстар мен оқиғаларға мониторинг жүргізіледі. Енді полицияда деректер базасына күдіктінің фотосуретін енгізу арқылы қала бойынша қылмыскерлерді анықтау мүмкіндігі бар, деп жазады Islam.ru.

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: