Наурыз айында жер көгеріп, бұршақ атып, қайырымдылық іс-шаралары да қарқынды жүруде. Байзақ ауданының бас имамы Рамиз қажы Азизов осы қайырымдылық шараларын ұйымдастыруда мұрындық болды.
Айта кетсек, Байзақ ауылында тұрмысы төмен екі отбасыға 5 қойдан, барлығын қосқанда 10 қой берілді. Ауыл тұрғындары Байзақ ауданының бас имамы мен "Тілеш қажы" мешітінің молдасы Рахымбек Абировке отбасыларға көмек ұйымдастырғаны үшін ризашылықтарын айтты.
Сонымен қатар, Көкбастау ауылында өткен айлық дастарханда Жамбыл облысының өкіл имамы, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұлов мешіт атынан тұрмысы төмен 3 отбасыға азық-түлік үлестірді.
"Байзақ баба" мешітінің баспасөз қызметі.