Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ораз Баймахановтың бастамасымен ҚМДБ-ның әйел-қыздар секторы, мешіт ұстазы Фатима Мусаеваның ұйымдастыруымен қасиетті ережеп айына орай, қайырымдылық іс-шарасы өтті. «Әулие ата» мешітіне көпбалалы тұрмысы төмен, асыраушысы жоқ 10 отбасы мен мешіт жамағаты шақырылды.
Іс-шара барысында мешіт ұстазы қонақтарды ережеп айының келуімен құттықтап, көпшілікке «40 парыз» тақырыбында уағыз айтты. Сондай-ақ, үлкен құлшылықтың бірі - намаз оқудың маңыздылығы мен намаз оқымаудың ауыр күнә екенін айтып өтті.
Құран бағышталған соң, Ораз имам сауаптар еселенетін қасиетті айда мұсылман бауырларды жақсылықты көбірек жасауға шақырды.
Аналарға азық-түлік пен жаңа киімдер таратылды. Әр отбасына 10 000 теңгеден, жалпы 100 000 теңге үлестірілді. Қонақтар ұйымдастырушылар мен ұстаздарға алғыстарын білдіріп, тарқасты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі



05 Қараша 2025
14 Джумада-авваль 1447

