Иерусалимде мұсылмандардың қасиетті жерлерін басқарушы ведомство палестиналықтар мен израилдік күштік құрылым арасында шиеленіс тудырған әл-Ақса мешіті территориясының бір бөлігін жабу туралы Израиль сотының қаулысын қабылдамады, деп хабарлады Al Jazeera.
Иорданияның уақыптар кеңесінің басшысы шейх Әбдел-Әзим Сальхаб Баб әл-Рахма аталатын қақпа Израиль ультиматумына қарамастан мұсылмандар үшін ашық болуы керектігін мәлімдеді.
«Біз Баб әл-Рахма қақпасы мен әл-Ақса мешіті мәселесіндегі басқыншылардың сотына мән бермейміз. Себебі олардың бұл істе уәкілеттілігі жоқ» дейді шейх.
Әбдел-Әзим Сальхаб Израиль тарапынан уақып ведомствосы ғимаратты жөндеуге және уақыптың ресми өкілдері мен бірқатар күзетшілерінің әл-Ақса территориясына кіруіне рұқсат берілуін талап етті. Израиль билігі ақпан айында әл-Ақсаға кіруге 133 палестиналық азаматқа тыйым салған.
kazislam.kz
«Бұл дүние өткінші бір ләззәт қана. Ал дүниедегі өткінші ләззәттың ең хайырлысы салиқалы, жақсы әйел» (Имам Муслим риуаят еттті).


10 Қараша 2025
19 Джумада-авваль 1447

