БАӘ-де 5G ұтқыр желісі қоcылды

БАӘ-де 5G ұтқыр желісі қоcылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен жұмада Біріккен араб әмірлігінде телекоммуникация қызметтерін ұсынушы du компаниясы 5G желісінде алғашқы сеансты жүзеге асырғанын мәлімдеді. Ол елдің 700 нүктесіне 5G таратқан болатын.

Жаңа технологияның енгізілуімен du тұтынушылары интернетке қосылудың рекордтық жылдамдығына қол жеткізеді. Айта кету керек, Huawei мен Nokia 5G желісін таратуда du компаниясымен әріптестікте жұмыс жасайды.

Әмірліктегі келесі телекоммуникациялық компания Etisalat өз тұтынушыларына биыл 5G желісін ұсынуға дайын екенін хабарлады. Бұл компанияда 5G желісін ел аумағында қамту үшін арнайы инфрақұрылым бар. Енді тек жаңа байланыс стандартын қабылдайтын құрылғылардың шығуын күту ғана қалып отыр.

asyldin.kz


«Әймүміндер! Аллаға әрі Елшісіне опасыздық  қылмаңдар,тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат жасамаңдар» «Әнфал» сүресі, 27-аят.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: