1. «Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар» (4:75).
2. «(Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мәрхамет етпесең әлбетте зиян етушілерден боламыз» деді» (7:23).
3. «Қашан олардың көздері тозақтықтар жаққа бұрылса: «Раббымыз! Бізді залым елмен бірге қыла көрме!» - дейді» (7:47).
4. «...Раббымыз! Біз бенен еліміздің арасына туралықпен Сен үкім ет. Сондай-ақ Сен билік айтушылардың ең жақсысың» (7:89).
5. «Раббым! Мені әрі ұрпақтарымды намазды толық орындаушы қыл! Раббымыз! Тілегімді қабыл айла!» (14:40).
6. «Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, – (деді)» (14:41).
7. «Раббымыз! Бізге өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде тура жол әзірле” деді» (18:10).
8. «Раббымыз! Тозақ азабын аулақ қыл! Рас оның азабы тұрақты” дейді» (25:65).
9. «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер. Сондай-ақ бізді тақуалардың алды қыл!”- дейді» (25:74).
10. «Раббымыз! Мәрхаметің, білімің әр нәрсені сидырып, ішіне алған. Сондықтан тәубе етіп, жолыңа түскендерді жарылқа! Әрі оларды тозақтан сақтай көр!”- (деп тілейді)» (40:7).
asyldin.kz