Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз, ұлттық ар болуы керек

Мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз, ұлттық ар болуы керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұлыстың ұлы күнін тойлау да, жеті атаға дейін қыз алыспау да, тәбәрік тарату, ата – бабалар мазарына зиярат жасау секілді ғұрыптар әрине, мұсылман дінінде нақтылап айтсақ араб халқында жоқ. Сонда бұлар арабтарда жоқ екен деп біз бас тартуымыз керек пе? Әлде, жеті атадан бері қыз алысып – беріспейтін дәстүрімізді тәрк етуміз керек пе? Ендеше біздің дәстүр-салтымыздың бәрі мұсылман дінінен ауытқушылық немесе қарсылық емес, ежелден қалыптасқан әдет-ғұрып. Сол әдет-ғұрыптың бәрі де мұсылман дінімен ымыраласа жүріп жатқанын байқаймыз.

Ислам дінін қабылдау дегеніміз – ұлтымызды арабтандыру деген сөз емес. Мұсылмандық ешқашан ұлттық дәстүрімізге нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондықтан мұсылман болу үшін тек мұсылмандық сауат болуы жеткіліксіз, ұлттық ар болуы керек. Ислам дінінде бөліну жоқ, бірін-бірі сынға алып, айтысып-тартысу да жоқ. Онда бағыт бар, басты ұстаным бар, ғұлама-ғалымдардың салып кеткен сара жолдары бар.

Біз дінсіз ел емеспіз. Әкесі мен ұлы, енесі мен келіні стақан соғыстырып, баласы кәмелетке толған соң ата-анасынан безетін, көршісінің баласы жүгіріп шуласа, полицияға шағымданатын, келген қонағына қиналатын халық емеспіз. Сол үшін ата-баба дәстүрі десе «Жоқ, ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» дейді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?” (“Бақара”, 170) деген аятты оқи жөнелетіндер аятты орынды-орынсыз қолданып жатқандығына бір үңілгені  дұрыс.

«Хужжатул Ислам-Исламның дәлелі» атанған Имам Ғазали діни саланың дерлік барлығында құнды еңбегі бар үлкен ғұлама. Сол еңбектерінің ішінде көлемді, әрі танымалы «Ихия-у Улумиддин» кітабы болып саналады. Барлық иман, ғибадат, мінез-құлық тақуалық, нәпсі тәрбиесі, әдеп сияқты тақырыптарды қамтыған осы кітаптың тамақтану әдептері мен қонақ күту әдептерінде мына нәрселерді оқуға болады:

-Қолға су құю

-Тамақты жасы үлкен, абыройлы кісі бастау;

-Қонақтан тамақ жейсіз бе, әкелейін бе?деп сұрамастан әкелу;

-Мүмкін болғанша дастарқанға қонаққа қойылатын барлық ас түрін әкелу; себебі қонақ көңілі тартқанынан жей алатын болуы керек. (Ал біртіндеп әкелсе, алғашқы келгенінен жеп тойып қалуы мүмкін).

-Үй егесі тамақтан қолын соңғы болып тартуы;

-Әркім өз алдынан жеуі;

-Нанға құрмет;

-Тамақты ортақ табақтан жеу,

-Табақ алынбайынша орынынан тұрмау

-Қонақтың ас иесіне дұға жасап бата беруі,

-Тамақтан соң қолға су құю.

Имам Ғазалидың мұсылмандық әдептерінің барлығы дерлік қазақы тәрбие көрген қазақ баласының бойында бар қасиет. Кейде дәстүріңе пысқырмайтын діндарсымақ кейбір кісілермен табақтас болғанда, өзі тойған соң қолын сүртіп,тісін шұқып отыратынына куә болып та жүрміз.

Дәстүрімізді дінмен сабақтастырып, шариғи үкімдермен айқындалған, қасиетті Құран аяттары, Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерімен дәйектелген.

Дін мен дәстүрді тату тірлікке ұластырып, ата-баба жолынан үлгі-өнеге алатын ұрпақ болып қала берейік.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: