Көкке көтерілген жол: Сауд Арабия автомагистралінің керемет суреттері

Көкке көтерілген жол: Сауд Арабия автомагистралінің керемет суреттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әл-Хада - Сауд Арабияның бастыс жағында орналасқан. Бұл аймақ тек қана өзінің саябақтар мен бес жұлдызды мейманханаларымен танымал болып қоймай, сондай-ақ, ерекше шиыршық автомагистралімен де танымал.

Әл-Хада туристердің сүйікті орны болып табылады, дәл осы жерден олардың қасиетті Мекке қаласы мен Жиддаға сапарлары басталады.

Бұл жол әсіресе фотографтардың қызығушылығын тудыруда, өйткені жолдың осы бір бөлігінен табиғаттың көздің жауын алар керемет көріністері ашылады. Бұралаң жол тау мен бұлттардың арасында орналасқандай әсер етеді. Әсіресе түнде жанатын шамдардың арқасында магистраль ерекше әдемі болып көрінеді.

Сондай-ақ, бұл аймақ өзінің салқын ауа-райымен де белгілі, жыл бойына ауа температурасы 20-28 градус Цельсиді көрсетіп тұрады.

Кара магистралінің ұзындығы 87 км құрайды әрі ол 4 жолдан тұрады. Меккеден Арафатқа дейінгі аралық 21 км, Арафаттан Караға дейін 23 км және Карадан Әл-Хадаға дейін 23 км, ал трассаның тауды шиыршық түрінде айналып жүретін ең қиын әрі қауіпті бөлігінің ұзындығы 20 км құрайды.

Тарихшылардың айтуынша, бұл жолдың белгілері 10 ғасыр бойына келе жатыр және «Тарик әл-Жаммала», яғни «түйелердің жолы» деген атаумен танымал. Сондай-ақ, бұл жолмен саудагерлердің де, қажылардың да жүргені белгілі.

Кара жолы неше рет кеңейтіліп, жақсартылған. 1398 және 1427 жылдары жолды кеңейту жобалары жүзеге асқан. Ал заманауи жобалар трассаны анағұрлым қауіпсіз және жайлы етуге мүмкіндік беруде.  

asyldin.kz


 

Құран Кәрімде: «Алла Тағала иман келтіргендердің, ғылым иелерінің дәрежелерін көтереді» делінген (Мужәдәлә-11).  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: