Әлемге танымал Toblerone фабрикасы имамдарға тәтті өнімдерінің дайындалу процесін тексеруге рұқсат беруді жоспарлайды. Швейцарияның көне кондитерлік фабрикасы өз тұтынушыларын көбейту үшін халал өнімдер шығару туралы шешім шығарды.
Енді әлемге белгілі фабрика халал шоколадтар өндіреді, деп жазады lenews.ch. Toblerone фабрикасы өкілдерінің айтуынша, ислам дінін талаптарын сақтау үшін өндіріс процесін бақылау имамдарға беріледі. Бұл шара әсіресе шоколад құрамына қандай да бір алкогольдің кетуінің алдын алу үшін қабылданған.