Ансарлардан болған бір кісі намаз оқығанда үнемі «Ықылас» сүресін қосып оқитын. Мұны ол әр рәкағатта жасайтын. Бір күні жолдастары оған: «Сен әрдайым осы сүрені оқисың, содан кейін ол жеткіліксіз дегендей және басқа сүре қосасың. Ендеше, не осы сүрені оқы немесе оны оқыма, басқасын оқы!» - дейді. Бірақ әлгі адам ол сүрені тастамайтынын, әрі қарай да оқи беретінін айтады.
Пайғамбарымыз (ﷺ) келгенде олар оған болған жайды айтады. Пайғамбарымыз (ﷺ) «Ықылас» сүресін тастамай оқып жүрген әлгі адамды шақырып, мұның себебін сұрағанда ол: «Мен бұл сүрені жақсы көремін!» - дейді.
Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ) әлгі адамға: «Расында бұл сүрені жақсы көруің сені Жәннатқа кіргізеді!» - дейді. (Бұхари)
Тағы бір риуаятта Пайғамбарымыз (ﷺ): «Оны да Алла Тағала жақсы көреді!» - деген.(Бұхари, Муслим)