21 қарашада Дубайда араб сән апталығы басталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы жылғы шара өз тарихындағы ең ауқымды шара болмақшы.
Сән апталығы Arab Fashion Week, JollyChic және Hala China серіктестігінің ұйымдастыруымен өтеді әрі Dubai Fashion Days деп аталатын болады.
«Русские Эмираты» порталының мәлімдеуінше, шара меймандары дүниежүзіндегі жас сәнгерлердің жұмыстарын тамашалай алады.
Blssed, Yara Bint Shakar, Nina Zandia және Amato Couture сияқты аймақтық брендтермен бірге биылғы жылы Қытайдың Judy & Julia, Old Times, WTC және Xin Is Lu сияқты сән брендтері де қалың жұрт назарына ұсынылатын болады.
asyldin.kz