ЖАНТ мүшелері жат ағымдармен күрес мәселесін талқылады

ЖАНТ мүшелері жат ағымдармен күрес мәселесін талқылады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық мешіттің бас имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлының  басшылық етуімен жергілікті ақпараттық насихат тобы (ЖАНТ) имамдарының кезекті жиналысы өтті.

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Әлимұхамедұлы:

«Жат ағымдардың алдын алу, онымен күресте имамдардың белсенділігін арттыру, бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің бірі. Бүгінгі басқосудың нәтижесінде біз ЖАНТ мүшелері, нақты міндеттер белгілеп, жамағатпен бірлесе отырып, нәтижелі қызмет атқару үшін арнайы жоспар жасадық. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беруі тиіс», - дей келе, өңірдегі имамдарға бүгінгі таңда ерекше міндет жүктеліп отырғандығын жеткізді. 

Жиналыста Шу қаласындағы «Жәми» мешітінің бас имамы Үрпеков Қуат, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Нұрлыханов Бақытқа жат ағым өкілдерімен нәтижелі жұмыс жасаулары үшін арнайы тапсырмалар берілді.  

Жат ағымдардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта Тараз қаласындағы «Шейх Зуннун» мешіті мен Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің теріс ағымдағы жамағатымен арнайы жұмыс жасау үшін апталық дастархандар, уағыздар ұйымдастыру, кездесулердің оң нәтиже беруін қадағалау қолға алынды.  Сонымен қатар, Тараз қаласындағы «Акрам төре» мешітінде ЖАНТ мүшелерінің  кезекті уағыз-насихаттары жүргізіліп тұруы тапсырылды.

Сонымен қатар, жат ағымдағы жамағатқа фиқһ, ақида пәндерін жүргізіліп тұруы бекітілді. Алдағы уақытта мешіттерде жат ағымға қарсы брошюралар мен буклеттер басып шығару, арнайы роликтер түсіру жоспарға енгізілді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: