"...Ақиқатында, жүректер Алланы еске алумен ғана тыныштық табады"

"...Ақиқатында, жүректер Алланы еске алумен ғана тыныштық табады"

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алланы еске алу – Оның есімдері айтылатын зікірлерді, дұғаларды дағдылы түрде қайталау емес, бұл сіздің ойларыңыз, сөздеріңіз бен амалдарыңыз Оның атрибуттарына, көркем қасиеттеріне, Оған шүкіршілік етуге,  Одан кешірім алуға және тәубеге келуге арналған өзіңіздің нақты бір ахуалыңыз болып табылады.  

Осындай ахуалда болу арқылы мүмін өзі ойламаған көптеген нығметтерге бөлене алады, жағдайының өзгергенін сезінеді. Төменде тақуалар келтіріп кеткен бірнеше нығметтерді атап өтейік. Алла Тағаланы еске алудың артықшылығы неде?

1. Жаман ойларды жойып, шайтанның құратын тұзағын бұзады;

2. Бұл Алла разылығына қол жеткізу;

3. Жүректі тыныштандырып, алаңдаушылық пен мұңды жояды;

4. Тән мен рухты нығайтады;

5. Алла Тағалаға деген сүйіспеншілікті күшейтеді;

6. Шынайылыққа септігін тигізеді – пенде қай жерде болмасын Алла Тағала қарауында екенін нақты сезінетін болады;

7. Мүмінді рұхсат етілген дүниелер шекарасына «қайтарады», жақсы амалдар жасауға итермелейді;

8. Пендені Алла Тағалаға жақындатады;

9. Алланы еске алатындарды, Алла есіне алады;

10. Алланы еске алу – жүректі қанықтырады. Бір ғалым айтқандай: «Алланы еске алу жүрек үшін – балыққа судың қажеттілігіндей. Сусыз балықтың күні не болмақ?..»

11. Жүрек тазарады;

12. Бұл дүниені аңсау мен күнәға бейімділікті әлсіретеді;

13. Күнәларды кетіреді;

14. Аманшылық кезде Алланы еске алу – қиыншылық сәтте Жаратушының қолдауын қамтамасыз етеді;

15. Алла Тағала жазасынан құтылуға көмектеседі;

16. Жүректі иман нұрымен нұрландырады;

17. Бейқамдықтан құтқарады;

18. Рызықты арттырады;

19. Ауыртпашылық пен тауқымет қиыншылығын жеңілдетеді;

20. Алланы еске алудың намаздан маңыздылығы кем емес.

Бұл жөнінде Құранда былай айтылған: «(Мұхаммед Ғ.С.) Кітаптан саған уахи етілгенді ғана оқы да намазды орында. Күдіксіз намаз; арсыздықтан, жамандықтан тыяды. Әрине Алланы еске алу, аса ірі нәрсе. Сондай-ақ Алла (Т.) не жасағандарыңды біледі» (29:45).

Сондай-ақ, Құранда Алланы еске алу туралы былай айтылған:

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын...» (2:152).

«Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28).

Дегенмен, көпшіліктің ойында мынадай сауал туындауы әбден мүмкін – Алланы еске алу арқылы неге біз не қуанышқа, не тыныштыққа кенеле алмаймыз, не бір жағымды өзгерістерді сезіне алмаймыз? Бұл сұрақтың жауаптарының бірі -  көбіне Алланы еске алу деп көпшілік Жаратушының есімі бар нақты фразаларды еш зейінсіз, мәнін түсіне бермей қайталай беру деп ұғынады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Алланы еске алу – адам баласы Жаратушының мейірімін, есімдерін, көркем қасиеттерін еске алуы, Одан көмек, кешірім сұрап жалбарынуы, сондай-ақ, дұға жасап, шүкіршілік етуі арқылы Алла Тағаламен байланыста болатын нақты бір ахуал, күй. Мұндай амалсыз зікір айтатын мұсылман баласы жоғарыда келтірілген нығметтердің бірде-бірін сезінбеуі мүмкін, алайда Алла Тағала – Жомарт әрі Өзінің пендесін нығметсіз қалдырмайды...

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: