АҚШ-та заманауи мұсылман сән көрмесі көрсетілді

АҚШ-та заманауи мұсылман сән көрмесі көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сан-Франциско қаласында орналасқан de Young Museum өнер мұражайында заманауи мұсылман сәніне арналған көрме ашылды.

Dezeen ресурсының мәлімдеуінше, «Заманауи мұсылман сәні» деп аталатын көрме ашылған күнінен бастап көпшілікке кеңінен танымал болды.

Көрмеде тек заманауи мұсылман сән ахуалын көрсететін жәдігерлер ғана емес, сонымен қатар, мұсылман стилінің дамуына жарық сәуле құятын жәдігерлер де бар. Экспозицияда – әлемнің танымал сәнгерлерінің қолынан шыққан мұсылман қыз-келіншектерге арналған киім-кешектер, мұсылман шомылу киімі – буркиндер, спорттық хижабтар және мұсылман стилінің ажырамас бөлігі болып табылатын  аксессуарлар бар.

«Адамдардың көпшілігі мұсылман елдерінде сән деген ұғым болмайды деп ойлайды, алайда бұл – қате пікір болып табылады. Мәселе – мұсылман сәні дерліктей зерттелмеген», - деп атап өтті мұражайдың директоры Макс Холлейн.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: