Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) қарапайымдылығы

Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) қарапайымдылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Хаттабұлы Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ардақты Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.у.) үйіне келеді. Пайғамбар төсегінде отыр екен. Төсеніштің жұқалығы сонша одан Пайғамбардың с.а.у. үстінде тақыр жердің ізі қалған еді. Мұны Омар ибн Хаттаб (р.а.) көріп, жаны ашып, көңілі босап кетеді. Пайғамбар (с.а.у.) одан:

— Неге жыладың?-деп сұрайды таңдана. Сонда Омар (р.а.):

— Иран патшасы мен Рим патшасының жағдайы есіме түсіп кетті. Олардың патшалық дәрежесінің алдында мына Сіздің отырысыңыз жаныма қатты батты,-дейді. Бұған ардақты пайғамбар с.а.у.:

— Олар бұл дүние рахатына менен бұрын қаныққан жандар (Расында, шын рахаттық ол жәннәтта)-деп жауап берген екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: