Тәжікстанда үйде сүндетке отырғызуға тыйым салынды

Тәжікстанда үйде сүндетке отырғызуға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәжікстан үкіметі тек мемлекеттік мекемелерде сүндетке отырғызуға үндеуде.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Тәжікстанда үйде сүндетке отырғызуға толықтай тыйым салатын заң күшіне енеді.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігі мен халықты әлеуметтік сақтау және ана мен балаға медициналық қызмет көрсету басқармасының басшысы Шерәлі Рахматуллоевтің айтуынша, аталмыш заң жобасы республика президенті Эмомали Рахмонның тапсырысы бойынша жүзеге асуда.

«Халықтың дәстүрін, салтанаттары мен салттарын реттеу туралы» заңға түзетулер енгізілді. Енді бұл құжат «Жаңа туған ұлға 20 күн толғанша оның ата-анасының рұқсат беруімен медициналық мекемелерде сүндетке отырғызу тегін жүзеге асырылатын болады» деген тармақпен толықтырылатын болады.

Рахматуллоевтың айтуына қарағанда, қазіргі таңда дерліктей барық медициналық мекемелерде сүндетке отырғызу жүргізіледі, алайда соған қарамастан, салдары қиыншылықтарға әкеліп соғатын «халық емшілерінің» көмегіне жүгінетіндер де аз емес көрінеді.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: