Бүгін көршілес жатқан ел Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында «Рухани Жібек жолы» атты Халықаралық конференция өтеді. Аталмыш конференцияға Орталық Азия республикаларының, атап айтқанда, Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Түркменстанның дін көшбасшылары, сондай-ақ, Ресей мен Қытай елдерінің де дін өкілдері қатысатын болады.
Қырғызстанның мүфтиі Мақсатбек Токтомушевтің мәлімдеуінше, басты тақырып – экстремизм мен лаңкестікке қарсы күресті талқылау болмақ.
Айта кету керек, бұл шара үшінші мәрте өткізіліп отыр. Алғашқы конференция Қытай елінде өтсе, екіншісі – Ресейде өткен болатын.
Радикализмге қарсы тұру сияқты маңызды мәселелерді талқылаумен бірге, биыл делегаттар мәдениетке де көңіл бөлетін болады.
Осы жылы өткізілейін деп отырған конференция тек әдебиетке ғана емес, сондай-ақ, дін саласына да елеулі үлес қосқан жазушы Шыңғыс Айтматовтың туылғанына 90 жыл толуына орайластырып отыр.
Сонымен қатар, конференцияда танымал ресей этнографы Балқиса Қармышеваның қырғыз халқының салт-дәстүрлеріне арналған монографиясы көрсетіледі.
asyldin.kz