Т.Рысқұлов ауданына қарасты аудандық «ЖЭС» қызметкерлерімен «дін және экстремизм» тақырыбында кездесу болып өтті. Іс-шараға ауданың бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы, аудандық ішкі саясат қызметкерлері қатысты.
Іс-шара мақсаты – қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру.
Келген дін өкілдері жиын барысында дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар, оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Бас имам Сұлтаншәріп қажы өз сөзінде: ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде және елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, сөз соңында діни экстремизмнің алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан аумағындағы мүдделі мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Әбілда Мейірханов,
зейнеткер