Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, облыстағы жат ағымға қарсы күрестің жетекшісі Әміреев Бахтияр Шу қаласында жамағатпен кездесу өткізді.
Шу қаласындағы орталық «Жәми» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде жамағатпен жүздесіп, жиналған жамағатқа жат ағымның қоғамдағы кесірі жайында тоқталып өтті. Сондай-ақ намаздағы қол көтеру, «әминді» айту мәселелерін қозғады. Дініміздегі бидғат тақырыбында көкейкесті мәселелерді айтып өтті. Жиналған жамағат көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі