Тараз қаласының «Айсұлу ана», «Құлбай баба» мешіттерінің ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы «Зекет қоры» мен «Өркениет» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Жанға жылу сыйла» атты акциясы аясында 105 тұрмысы төмен, көп балалы отбасына 3 тоннадан 360 тонна көмір тегін таратты.
Бұл қайырымдылық іс-шараға қала әкімі Ғалымбек Райылұлы қатысты. Келешекте ҚМДБ-ның облыстық «Зекет» қоры аз қамтылған жанұяларға азық-түліктей де көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Көмек алған жандар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
«Кеңесхан қажы» мешітінің Баспасөз қызметі