Түннің қараңғысында берілген садақа

Түннің қараңғысында берілген садақа

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Зейнул-Ъабидин» атанған Әли ибн әл-Хусейн (оғанАлланыңрақымыболсын) бір дорба ұнды иығына салып алып, жан адамның көзіне түспей, қараңғы түнде кедей-кепшіктердің үйін аралап шығатын. Ол өз уағыздарында «Түннің қараңғысында берілген садақа Раббының ашуын өшіреді» дейді екен.

Қаладағы кедейлер өздерінің күнделікті жейтін қорегін кім әкеліп тастайтынын біле алмай дал болатын. Осындай түндердің бірінде табалдырықтарға нан қойып кететін белгісіз кісі келмей қалады. Өйткені, Пайғамбардың (оғанАлланыңигілігіменсәлеміболсын) немересі Әли ибн әл-Хусейн (оғанАлланыңрақымыболсын) қайтыс болған еді.

 Оның өлі денесін көргенде өмір бойы арқалап өткен қаптың ізі иығын қиып тастаған екен. Түн қараңғылығын жамылып, қаладағы жүз кедей отбасына жасырын қорек тастап кететін белгісіз жанның кім екенін адамдар ол өмірден өткен соң бірақ біліпті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: