Қордай аудандық және Әлжан ана ауылдық «Құдайберген» мешіттерінің ұйымдастыруымен мешіт ауласында жеңіс күніне орай дастархан жайылды.
Дастархан басына соғыс және еңбек ардагерлері, тыл қызметкерлері, дүниеден өткен ардагерлердің отбасылары және ауыл тұрғындары бас қосты.
Жаны жомарт демеушілердің көмегімен ұйымдастырылған шарада Бас имам Д.Жандосұлы ақасақалдарды мерекемен құттықтап, тағылымды уағыз айтып, бейбітшіліктің қадірі және келе жатқан Рамазан айы туралы сөз сөйледі.
Жиналған жамағат дін қызметкерлеріне және демеушілерге алғысын жаудырып, тарқасты.
Аудандық «Қордай» мешітінің
Баспасөз қызметі