Рамазанға 18 күн қалды: егер күнәңіз көп болса...

Рамазанға 18 күн қалды: егер күнәңіз көп болса...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаға шүкір, Рамазанға бір күн болса да жақындап қалдық, өзімізді рухани тұрғыдан тазартып, біздің бір саты болсын жақсаруымызға мүмкіндік туып отыр.

Шағбан – Тозақтан құтылу әрі күнәнің кешірілетін айы. Өз қателіктеріңді мойындап, Алла Тағаланың алдында бойұсынушылық таныту тәубеге келусіз мүмкін емес. Тәубесіз күнәнің кешірілуі мүмкін емес, сол себепті де тәубеге келу мүмін құлшылығының ең маңызды бөлігі болып табылады. Біздің өміріміз бірсарынды емес, кейде біз жасауымыз қажет нәрселерді ғана жасап жүре алмаймыз. Пенде болған соң бірде болмаса бірде шалыс басып, қателесіп, күнә жасап қоятынымыз рас. Адам табиғаты осындай. Оны Алла Тағала осындай етіп жаратты, қорлау немесе Өзінен аластату үшін емес, керісінше, қандай жағдай болмасын мүмін тәубеге келіп, кешірімге қол жеткізу үшін Аллаға жету жолдарын табу үшін.  Алла ешқашан пендесінен бас тартқан емес, Ол оған Өз мейірімі мен кешірім есіктерін айқара ашып отырады.

 

Мүміннің бір ерекшелігі – ол күнәдан қорқады, ал күнә жасап қалатын болса, тәубесіне келеді. Ибн Масуд былай айтқан екен: «Ақиқатында, мүмін өз күнәсін әне-міне үстіне құлап түсетін үлкен жартастай көреді әрі одан қорқады. Ал теріс қылықты адам өз күнәсін мұрнының қасынан ұшып өткен шыбындай көреді».

Біздің дініміз біздің бетімізден қақпайды, жаман ойлар сөзге айналмайынша күнә болып саналмайды, артынша жақсы амал жасалмайынша жаман амал жазылмайды, тәубесіне келгенге - жарылқау беріледі.

 

«Күнәсі үшін тәубесіне келген, күнәсі жоқ жанға тең. Егер Алла Тағала біреуді жақсы көрсе, онда оған күнә зиянын тигізе алмайды».

 

«...Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді», - деп айтылған Қасиетті Құранда. Алла күнә жасамайтындарды жақсы көрмейді, керісінше, бір теріс қылық жасап қойып, тәубесіне келіп, Оған сыйынатындарды жақсы көретіндігін айтқан. Алла Тағаланың бізге деген сүйіспеншілігі ұшан-теңіз емес пе? Осыны біле тұра бізге нәсіп етілген үнемі тәубеге келу мүмкіндігінен қалай айырылып қалмақпыз? Ал Шағбан – айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанға құшағын айқара аштыратын ең жақсы мүмкіндік айы емес пе?

 

Тәубеге келу үшін жасаған күнәсіне шын жүректен өкініп, расымен опық жеп, күнәсін жек көруі және ешқашан бұл күнәні жасамауды тілеу әрі: «Уа, Аллам, кешір мені», - деп айту жеткілікті. Сондай-ақ, Аллаға сиынып, тәубеге келудің көптеген әр алуан дұғалары бар.

 

 «Уа, Жаратушы, сен менің Алламсың, Сенен басқа құдай жоқ. Сен мені жараттың, мен Сенің құлыңмын әрі өз өсиетім мен уәдемде тұрамын, Сенің жомарттығыңды және Сенің алдыңда жасаған күнәмді мойындаймын. Кешірші мені, өйткені күнәні Сенен басқа ешкім жарылқамайды».

 

«Уа, Алла, асылында, мен күнә жасадым, Сенен басқа ешкім күнәмді кешірмейді! Кешірші мені, мені жарылқа да нығметіңе бөлей гөр, ақиқатында Сен – Жарылқаушысың әрі Қайырымдысың!».

 

«Алла, Сен - Пәксің. Cенен күнәларымды кешіруіңді және Сенің мейіріміңді сұраймын. Уа, Алла, білімімді арттыр, мені тура жолға салған соң, менің жүрегімді хақ жолыңнан тайдыра көрме! Мені Өзіңнің мейіріміңе бөлей гөр, ақиқатында, Сен Жарылқаушысың!».

 

Алланың мейірімінен үмітіңізді үзбеңіз, қолыңыздан келгеннің бәрін жасаңыз да қалғанын – Алла Тағалаға тапсырыңыз. Мынаны есіңізде ұстаңыз: «Егер сіз саны жағынан көкке жететіндей күнәлар жасап қойып, артынша тәубеңізге келер болсаңыз, Алла сізді кешіреді»…

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: