«Уахи» - араб тілінде «сыбырлау, құпия түрде жылдам хабар беру, жасырын белгі беру, ишара ету, ымдау» деген мағыналарды береді. Ал, шариғаттық мағынасы- Жаратушының адамзат баласына тура жол көрсету үшін, пайғамбарларына берген нұсқаулығы.
Уахиге сену – әрбір мұсылманға парыз. Сенбеген адам – пайғамбарларға келген ақиқатты теріске шығарушы. Адам баласы шектеулі ақылымен Алла тағала тарапынан болған уахидың сырын ұғына алмайды. Бірақ, сырын ұғынбау – уахидың растығын жоққа шығару емес. Ғылым, техника дамығанымен адамзат баласы рухани салада қалыс қалып отырғаны жасырын емес. Жалаң көзбен көре алмайтын, қолға ұстай алмайтын көптеген құбылыстардың ақиқатын еріксіз[1] мойындаймыз. Уахи да рух секілді иләһи бір сыр болғандықтан, ислам мұны пікірталас тақырыбына айналдырудан тыяды. Сондай-ақ ол, заманауи ілім жолымен шешілетін де нәрсе емес. Себебі, уахи- метафизикалық мәселе. Тәжірибелік және әлеуметтік ілімдердің әдістері де оны қолға ала алмайды. Демек, уахи- оның ақиқатын толық түсінуі мүмкін емес. Уақыт өте өзгеріс енген діндер мен хақ исламдағы уахи түсінігі салыстырылса, ең дұрысы Құран білдірген «уахи» екені айқындалады. Өйткені, бұл уахи жолы Аллаһ тағаланың «Ұлы», «Пәк» сипаттарына нұқсан келтірмейді. Иудаизмнің ұстанымы бойынша, «Көне өсиет» негізгі уахи ретінде қарастырылады. Оны Құдай пайғамбарларға теофания арқылы, яғни көзге көрінетін от, су түрінде, түс көру арқылы, белгілі бір құбылысты не дауысты есіту арқылы, сонымен қатар, яһудилердің Мысырдан шығуына көмек берілуі секілді оқиғалармен білдірткен.
Иудаизмде Мұса мен өзге де пайғамбарлар «Құдайдың қалауы мен әмірлерін Израиль халқына жеткізуші елшілер» ретінде қарастырылады. Олар уахиді көру (түс көру де осыған кіреді) немесе есіту арқылы алса, кейде періштелер арқылы алып отырған. Уахидің ең жоғарғы формасын Мұса (а.с) пайғамбар қабылдаған, өйткені ол, саналы түрде Алламен тікелей тілдесе алған. Қасиеті кітаптардың бірін Дәуітке (а.с) түсірген болатын, оның тарихын дәлелдеу үшін пайғамбар қиссасын бір шолып өту керек. Алла Тағала Дәуіттің патшалығын үлкен күш-қуатқа ие қылды. Сондай-ақ, ол арқылы көптеген мұғжизаларын көрсетті, оған жазбалар түсірді. Бұл жазбалар жинағы «Забур» деп аталды. Алла тағала: «Сондай-ақ Дәуітке Забурды бердік»[2], - деген. Иса ержеткенде көркем мінез-құлықты, өте ізгі жігіт болып қалыптасты. Ол отыз жасқа келгенде пайғамбарлық беріліп, оған Інжіл түсті. Осылайша, ол Тауратты растаушы кітаппен келіп, адамдарды Алла жолына шақыра бастады. Алла тағала: «Пайғамбарлардың ізінше алдындағы Тауратты растаушы етіп, Мариямұлы Исаны жалғастырдық. Әрі оған ішінде туралық, нұр болған, алдындағы Тауратты бекітуші, сондай-ақ сақтанушылар үшін тура жол, үгіт түрінде Інжілді бердік»[3], - [4]деген. Иудейлік жазбаларды негізгі уахи ретінде қарастырған христиан діні: «Уахи – Исаның бейнесінде теңдесі жоқ шыңға жетті»,- деп біледі. Оны християндар «Құдайдың баласы, Оның өзгертілмейтін сөзі мен Құдайдың мінсіз бейнесі» деп танып: «Тәңір өзін ұлы Иса бейнесінде адамдар ішінде көрсеткен»,- деп қабылдайды. Басқаша айтқанда, христиан дәстүрі бойынша, уахи тікелей Исаның өмірімен, білімімен, өлімі немесе өлгеннен кейінгі қайта тірілуімен көрініс табатын оқиға ретінде құрастырылады. Тіпті, «уахи толығымен оның бойында тұнып тұр және ол адамдарға ешкім әрі ешқашан көрмеген Құдайдың бейнесін әкелді» деген сенім [5] қалыптасты. Канолдалған төрт інжілде, Құдайдың сөздері Иса Мәсіх арқылы айтылғанымен, ол тек қана нақыл сөз түрінде келеді, ал христиандық салт оларды апостолдарға келген иләхи уахи деп біледі. Яғни Құдай рухының киелі жазушылардың рухына, олардың тұлғалық қасиеттерін жоймай, рухани, ғайыптық жағдайдан хабардар етеді. Осылайша, олардың шығармалары сокралды сипатқа иеленеді.
Бүкіл Әлемдік болып қалыптасқан соңғы ақиқат діні саналатын Исламның қасиетті кітабы Құран Кәримнің уаһи арқылы түсіріліп, сухуф болып жиналып, соңында халифалар тұсында бір кітап болып жинақталу тарихына көз жүгірткен көптеген араб-түрік және өзіміздің қазақ ғалымдарымыздың осы мәселеле төңірегінде зерттеу жасаған көптеген еңбектері өз үлестерін қосқан. Солардың арасынан атап өтетін еңбектерге келсек, профессор, доктор Метин Йурдагур мырзаның «Кәләм тарихы» кітабы мен доктор Осман Кескиоғлу мырзаның «Нузулунден гунумузе Кураны Керим билгилери» кітаптарына шолу жасай отырып біршама тарихқа көз жүгірте алатынымыз сөзсіз. Қоса кететін бір мәлімет, Қайрат Құрманбаев мырзаның да «Құран ілімдеріне кіріспе» атты еңбегінен де Құран жинақталу кезеңдері уақытындағы пікірталастарды таба аламыз.
ОспановаАружан,
ШТІКУ-нің «Тарих және дінтану» факультеті,
«Дінтану мамандығы» 4 курс студенті.
Жетекшісі: Сабри Хизметли
ШТІКУ-нің ректоры, доктор, профессор
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қ.Қайрат.Құран ілімдеріне кіріспе. Алматы: Нұр-Мубарак баспасы, 2013ж.-17б.
2. Құран. Ниса сүресі, 163 аят
3. Құран. Мәида сүресі, 46 аят
4. А.Қадыров, Ж.Жакипов, Қ.Қыдыралыұлы.Пайғамбарлар қиссасы. Алматы: «Кәусар саяхат» ЖШС, 2011ж.-245б.
5. Жаңа өсиет, Жохан інжілі,1/18.