Қазақ қыздарының бұрынғы және қазіргі келбеті

Қазақ қыздарының бұрынғы және қазіргі келбеті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын- деп халқымыз қыз туралы жырлаған екен.

Осыған қарап-ақ, қыз атаулының жүзі жарқын, кісі алдында ұяң екенін көруге болады. Әр ұлт, әр халық өзінің ерекшелігі мен тарихы арқылы мақтанады. Сол сияқты, қазақ халықының айта кетер тағы бір ерекшелігі, қыздарының ибалылығы мен инабаттылығы және көне жәдігеріміз болып табылатын құнды әшекейлеріміздің өзіндік сәні мен берер мәні. Қазақ қызы қандай болған көнеде, қандай болды қазір де? Қазақ қызы дегенде ең алғаш тарих беттері көз алдымызда ашылады екен. Сонымен, тарих бойынша ең алғашқы қазақ қызы кім? Не болмаса қазақтың алғашқы ханымдары кімдер? Қазақтың басына қауіп төнген сын сағатта атқа мініп, жауға қарсы шапқан апа-аналарымыз қандай еді?! Тұмар патшайымнан бастап, Бопай ханшайымға дейінгі батыр аналарымыз елдің ертеңі үшін күресті. Ал екінші дүниежүзілік соғыстың оты тұтанған сәтте Мәншүк пен Әлия сынды жүздеген жауынгер қыздар майданға аттанды. Осындай батыр аналарымыздың ізін қазақтан шыққан тұңғыш әйел-генерал Сәуле Айтпаева жалғастырды. Бұл кісілерден алынар өнеге мен тәлім қандай болмақ? Әрине, «Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің» деген мақалдың түп тамырын сұрағымыздың жауабын тапқандай боламыз. Қазақ халқының қыздарымен мақтанар тұстары көп-ақ. Өйткені, қазақ бұрымдылары тек батыр ғана емес, сонымен қатар, биші, күйші, әншілері де болған. Атап айта берсек парақ беттері толассыз қалар. Сонау тарихтан сыр шертер болсақ, көптеген шаң басқан мәліметтерді қазіргі уақыт талабы деп түсінетін қыздардың құлағына алтын сырға болары анық. Бұл сөзбен өзіміздің құндылыққа толы тарихи толқында өсіп өнген, қазақи дәстүрді көріп бой түзеген қыздардың қазіргі уақытта да бар екендігі және заман талабына сай өмір сүріп те қазақилығымызды сақтап қалуға болады дейтін қыздардың бар екендігін тілге тиек етіп отырмыз. Тізгінімізді қазіргі қоғам түсінігіне бұра кетсек, әрине, тәуелсіз Қазақстан ХХІ ғасырдағы тарих сахнасында, бірақ ол, біздің қазақилығымыздың тамырына балта шабу деген сөз емес. Бұрынғы қазақ қызы, қазір де сол қазақ қызы. Тек, уақыт өтті, ел дамыды, түсінік өзгерді. Дегенмен ұлтымыздың ұлылығы және қазақ қаны өзгерген жоқ. Қоса кететін жайт, ата-бабаларымыз бен әже-апаларымыздың берген тәлімі мен тәрбиесі,

өнегесі мен қалдырған өнері өзгермес мұра болып қалды және қалары даусыз. Қазақы нақышты да, сән әлемінде де негізгі мәнге ие болған не ие болып отырған көптеген үлгідегі киімдер мен әшекейлердің ұтымды орналасуы, қазіргі таңда алғашқы бестікте тұрғаны мәлім. Осыған орай, әрбір қазақтың қыз-келіншектері өзіне жарасымды етіп, ұлттық нақышта киінер не киінбесі оның қазақтық сипатынан айырады деген түсінік емес. Қорыта келгенде, біз, қазақ қызымыз! Шежіреміз шырайлы, тәрбиеміз тәлімді. Әке тәрбиесін алып, ана мейірімділігін көрген халықпыз, уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар ибалылық өзгермес! Тарихымыз терең, дініміз берік, салтымыз сақталған заманда қазақилығымызды жоғалта қоймаспыз!

ОспановаАружан

судент

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (28)

Оқи отырыңыз: