Кедейліктен құтылудың жолы

Кедейліктен құтылудың жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Материалдық әл-ауқат – біздің өміріміздің ажырамас бөлігі. Бәрінен айырылып, түксіз қалу әрі отбасын қамтамасыз ете алмау — адамға тән табиғи нәрсе. Кедейліктен әркім де қорқады, өйткені одан ешкім сақтандырылмаған.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр!» (2:155), - дейді.

Кез-келген кемшілікке, қиындыққа Алла Тағала хайыр берген. Егер Алла Тағала сізден бір нәрсені алар болса — бұл тек Оның қалауымен болғаны әрі мұнда әділетсіздік жоқ екендігін ұмытпаңыз. Хадисте былай айтылған: «Кедейлер Жұмаққа байлардан бес жүз жыл бұрын кіреді» (Тирмизи).

Басқа нығметтер сияқты материалдық игілік те Алла Тағаланың бергені, кедейліктен, мұқтаждықтан құтылуға ұмтылуда тек Аллаға ғана тәуекел етіп, тек адал жолмен ақша табу ниетінде болу және ұстамдылық таныта отырып, ақшадан болар жаман күнәлардан аулақ бола жүріп, табылған ақшаны адал қажеттіліктерге жұмсау қажет.

Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Егер кімде-кімнің басына кедейшілік орнап, одан құтылу үшін адамдардан көмек сұрар болса, ол ешқашан бұл кедейліктен арыла алмайды. Ал егер кімде-кім көмек сұрап Аллаға жалбарынар болса, онда оны Алла жылдам өлу жолымен не болмаса тезірек баю жолымен байытады» (Әбу Дәуд).

Егер адамның басына кедейлік сияқты күн туар болса, онда ол хадисте айтылғандай әрекет етуі керек.

Алла Елшісі (ﷺ) хадистерінің бірінде былай айтылған: «Егер Алла құлдарының бірі бақытсыздыққа ұшырап, былай айтар болса: «Шынында, біз Аллаға тәнбіз, асылында, қайтадан Оған ораламыз. Уа, Алла, менің бақытсыздығымды хайырлы етіп, маған бұдан да жақсы нығмет нәсіп етші! (Инна ли-Лләһи уа инна иляй-һи раджи‘ун. Аллаһумма-джур-ни фи мусыбати уа-хлюф ли хайран мин-ха!)», Алла Тағала міндетті түрде қиындыққа душар болған адамға хайыр беріп, оған одан да жақсы нығмет нәсіп ететін болады» (Мүслім).

Алла – ризық беруші, мейірімді әрі қайырымды. Алла Тағаладан сізді байытуын, ризығыңызды көбейтуін, хайырлы болар байлық сұраңыз. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Алладан бір нәрсе сұрар болса, алдымен Аллаға мадақтар айтып, Оны дәріптесін, содан кейін Пайғамбарына салауат айтып барып қана өз қалағанын сұрасын», - деген (Ахмад).

Ал басқа бір хадисте былай келтірілген: «Кімде-кім Алладан бір нәрсе сұрар болса, өз тілегінде табандылық танытсын әрі ешқашан былай айтпасын: «Уа, Алла, егер қаласаң осыны маған нәсіп етші», — асылында, ешкім Алланы мәжбүрлей алмайды» (Ахмад).

Кедейліктен құтылуға арналған дұға: «Аллахумма рабба ссамауаати ссаба уа рабба әль-ғаршил-Азым икди әннә ддайна уа ағнина минәл-фәкр».

Мағынасы: «Уа, Алла, Жеті қат көк пен ұлы Аршының Жаратушысы: біздің қарыздарымызды төлеп, бізді кедейліктен құтқара гөр!».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: