● Менің күнәларым маған салмақ салуда, бірақ оларды Жаратушы Жалғыз Алланың Ұлылығына қарсы қойсам, Оның кешірімінен артық ештеңе болмайды.
● Сені түзу жолға бағыттауды сұрайсың, бірақ өзің сол жолға түспейсің, құмда қайық та жүзбейді ғой...
● Білім – күнәһарға берілмейтін Алланың нұры.
● Өзінің инабаттылығы туралы хабарсыз адам – ең инабатты адам.
● Өзгелерге жұмсақ бол да, өзіңе қатал бол.
● Алланы сүймейтінді – сүйме, егер ол Алланы ұмытқан болса, онда сені де тастап кетеді.
● Алланың берген қайыры үшін Оған шүкірлік етудің өзі қайырлы болып табылады.
● Баурыңды жеке жерде жөнге салуың – оны кемелдендіруің, елдің көзінше жөнге салуың – оны қорлауың.
● Өзгелермен байлық жинаудан жарыспай, құлшылық етуден жарыс.
● Маған нәсіп етілген нығмет, ешқашан мені айналып өтпейді, ал менен айналып өткені – маған нәсіп етілмегені, менің жүрегім тек осыны түсінумен тынышталады.
asyldin.kz