Тақуа мұсылман әйелдің өлімі

Тақуа мұсылман әйелдің өлімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер әйел жүктілік кезінде немесе босанып жатқанда, не болмаса оба тиіп ауырып, немесе іш ауырғаннан, немесе тіпті күйеуінің разылығын алып көз жұмса, онда оның алдына періштелер қатармен тұрып, қошемет, құрмет көрсетіп, онымен былай сәлемдесетін болады: «Уа, Алланың сүйікті құлы, дүниелік қамалдан шық, Алла Тағала саған разы. Бұл сырқат сенің күнәларыңды кешіріп әрі саған Жұмақты сыйлаудың себебі болды. Саған аманат етілген жаныңды бер».

Әйел өз дәрежесін көрген соң, жан-жағынан қарап алып, былай айтады: «Алла менімен дос болғандардың бәрін кешірсе, сонда мен өз аманатымды беремін».

Періштелер қайран болып, әйелдің тілегін Алла Тағалаға жеткізеді. Жаратушы Алла былай айтады «Өз Құдіретіммен ант етемін, Мен оның барлық дұғасын қабыл еттім». Періштелер оған жақсы жаңалықты жеткізеді.

Содан кейін ажал періштесі Әзірейіл жүз жиырма мейірім-періштелерімен бірге келеді, олардың жүздерінің нұры Аршқа дейін жетеді әрі олардың басындағы тәждері мен артындағы киімдері нұрдан болады. Олардың қолдарында жемістер мен жұмақтың жұпар иісі болады, қошемет, құрметпен оған сәлем береді:

«Бүкіл әлемді Жаратушы сған сәлем жолдауда, Жұмақты сыйлауда, сол жерде сен Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.)  көрші боласың әрі Айша анамыз (р.а) сенің досың болады».

Осы сөздерді естігеннен кейін әйелдің көзіндегі перде түседі де ол барлық иман келтірген әйелдерді көреді, олардың кейбіреулері азапқа тартылуда болады, мұны көрген оның жан дауысы шыға: «Иә, Алла, олардың күнәларын кеше гөр!» - деп айғайлап жібереді.

Алла Тағала оған: «Уа, құлым менің, Мен сенің барлық тілектеріңді қабыл еттім, аманатты қайтар, Пайғамбарың, ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын, және оның қыздары сені күтуде».

Естіген сөздерінен соң оның жаны, қолдары, аяқтары қалтырай бастайды. Ол қара терге түседі. Ол жанын беруді қалағанда, екі періште түседі. Олардың әрқайсысында оттан шоқпарлары болады, біреуі оң жағынан, екіншісі сол жағынан тұрады. Сол кезде мүмінді жолдан тайдырудан үмітін үзбеген: «Негізінде, бұл сәттен пайда аз болады, бірақ көрейін», - деп қарғыс атқыр шайтан келеді. Безендірілген ыдыспен ол жан тапсырушыға мұздай су ұсынады, бірақ періштелер өз шоқпарларымен бұл ыдысты сындырады. Айналасында болып жатқан дүниелерді бақылап жатқан әйел күлімсірейді.

Содан кейін Жұмақтан хор-қыздар келіп, безендірілген ыдыспен Кәусар бұлақтың суын береді. Толқыған жан ыршып шығып, ыдысқа жабысады. Ажал періштесі оның жанын алып, періштелерге былай айтады: «...шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз» (2:156). Барлық періштелермен оны көктерден өткізеді, оның Жұмақтағы орнын көрсетеді де қайтадан оны жуындыратын жерге қайтарады.

Оның киімдерін шешіп, шашын тарқатқанда, жан тәнге келіп, былай айтады:

«Уа, жуушы, менің денемді аялап ұсташы, өйткені ол өлім сәтінен кейін шаршаған».

Жуындыратын легенді әкелгенде:

«Уа, жуушы. Тым ыстық суды құймашы, денем шаршаған, тезірек мені өз қолдарыңнан босатыңдаршы», - дейді.

Кебінді әкелгенде, бәріне бір қарап алып, жан былай айтады:

«Соңғы рет осы дүниеге қарап тұрмын, жақындарым мен туыстарымның бәрі мені көріп, жақында менің орнымда болатынын естерінен шығармасын. Мен үшін жыламасын, Құран оқумен мені естеріне алсын, мен қабірде азап шекпесін десе, мұра үшін ұрсыспасын. Мейрам және жұма күндері мені ұмытпасын» .

Денені жаназа оқылатын жерге жатқызғанда:

«Жақсылықта қалыңдар, менің ұл-қызым, ата-анам! Бізде айырылысу жоқ. Қиямет күні кездесерміз. Мен деп жылап жатқандар, хош болыңдар».

Жаназа аяқталып, дене салынған табытты иыққа салғанда:

«Егер сауап алғыларың келсе, тезірек мені әкетіңдер, мені қинамаңдар, мен сендерге разы боламын».

Қабірге әкелгенде:

«Қараңдар да ғибрат алыңдар, сендер мені қараңғы жерге қалдырасыңдар, мен өз амалдарыммен қаламын. Бұл дүниеге алданбаңдар».

Жерлеген соң, Алланың қалауымен, өлген әйел ұйқыдан оянғандай болып оянып, қараңғыда жатқанын көреді. Енді тұрайын дегенде, қолымен жерді сезеді, ешкім үн қатпайды, тек сонда ғана өзінің өлгенін түсінеді.

Сол сәтте қабір екіге бөлініп, қабір сұрағының періштелері Мүңкір мен Нәкір келеді, олардың ауыздарынан от, ал мұрындарынан қара түтін шығатын болады. Олар:

«Құдайың кім? Дінің не? Сенің Пайғамбарың кім?» - деп сұрайды.

Егер ол осы сұрақтарға жауап берсе, періштелер оған Алла Тағаланың Мейірімін жеткізеді. Сол кезде қабірден терезе ашылып, одан әйел ай жарығындай адамды көреді, ол қуанып, одан: «Сен кімсің?» - деп сұрайды.

«Мен сенің сабырыңнан, разылығыңнан және жақсы амалдарыңнан пайда болдым, Қиямет күніне дейін саған серік боламын» - дейді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: