Ақпараттық насихат жұмыстар барысында Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлы және аудан әкімінің инспекторы А.Бірімқұлов №51 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Алғыс айту - атадан қалған іс» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында асыл дініміздегі алғыс айтудың маңыздылығы, оның әр түрлі сипаттарына тоқталған бас имам, Аллаға шүкір етудің де маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысындағы мүмкіндікті пайдалана отырып Дәуренбек Жандосұлы ел арасында іріткі салып жүрген жат ағымдардың кері іс-әрекеттеріне тоқталып, олардан сақтану жайлы да кең ақпарат беріп өтті. Қоғамдағы болып жатқан өз-өзіне қол жұмсау, әлеуметтік желіге тәуелділік сынды тақырыптар да кездесу барысында қамтылды. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі