Жақсылық жақсылыққа себепші

Жақсылық жақсылыққа себепші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейде өзіңнің сәтсіздігің, ал әлдебіреулердің қисынсыз түрде жақсылыққа қол жеткізіп жатуы, кейбір адамдарды мынадай ойларға жетелейді: жетістік – адамның бетпақтығы мен қулығына байланысты, ал адамгершілік – бұл дүние жетістігін тежейтін нәрсе. Дегенмен, көпшілік мұнымен келіскенімен, әлбетте, бұл мәселенің кері жағын олар көре алмайды. Негізінде, шынайы жақсы адамдарға Алла жомарт түрде бұл дүниеде және о дүниеде де сый береді. Алла Тағала Құранда былай айтқан: «(Мұхаммед Ғ.С.): “Әй иман келтірген құлдарым! Раббыларыңнан қорқыңдар! Бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар.Алланың жері кең. Шын мәнінде сабыр етушілерге сыйлықтары есепсіз орындалады” деп айт».(39:10)

Алайда «жақсылық» сөзінің мағынасын білген маңызды, өйткені әрбір қоғам мен мәдениеттің жақсылық пен жамандық туралы өз ұғымы бар. Төмендегі мысал әңгімеде ол жақсы келтірілген. Бір үндістен жақсылық пен жамандық деген не деп сұрайды. Сонда үндіс: «Егер мен көршімнің қайығын алсам, бұл жақсылық, ал егер ол менің қайығымды алса – ол жамандық», - деп жауап берген екен. Алайда жалпы ұғымдар бар, мысалы үшін, кішіпейіл болу, мұқтаждарға көмектесу, сабырлы болу әрі қамқорлық таныту – барлық жерде де жақсылық болып бағаланады. Алла Тағала Қасиетті Құранда толығырақ жауап береді: «Жүздеріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда қалғандарға, қайыршыларға және құл азат етуге жақсы көре отырып, мал сарып қылса әрі намазды толық орындап зекет берсе, өзара байласқан уәдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар».  (2:177)

Бұл аятқа сәйкес, жақсылық – Алладан қорқу, Оны, Қиямет күнін еске алу, сондай-ақ, басқалармен жақсы қарым-қатынаста болу жақсы амалдарға жатады. Әбу Зарр (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай айтқанын келтірген: «Қай жерде болмасаң да Алладан қорық, жамандық жасап қойсаң, артынша жамандықты өшіріп тастайтын жақсылық жаса және адамдарға көркем мінез таныт». (Тирмизи).

Алла Тағала Құранда дінге сай жақсылық істеушілерді және Алладан қорқатындарды сүйетінін әрі олар үлкен жақсылыққа кенелетіндігін айтқан: «Сондықтан Алла (Т.) оларға дүние пайдасын беріп, ақырет пайдасының ең көркеміне бөледі. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді». (3:148)

Басқа аятта былай айтылған: «Сондай Алладан қорыққандарға: “Раббыларың не түсірді?”,- делінсе, олар: “Игілік” дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақырет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы нендей жақсы!».(16:30)

Жақсылық жасап әрі Алла разылығына қол жеткізу жолында мойынсұнатындарды Жаратушы қуанышты хабармен сүйіншілейді. Пайғамбарлар осындай игіліктің көркем үлгісі болып табылады. Мысалы, Сүлеймен пайғамбарға (а.с.)  Алла одан басқа ешкімге бермеген патшалық пен билік берген. Юсуф пайғамбарға (а.с.)  Мысырдың қазынасын нәсіп еткен. Алла Тағала Мұхаммед Пайғамбарға (с.ғ.с.) нәсіп еткен игілігін төмендегі аятта келтірген: «Сені кедей көріп, байытпады ма?». (93:8)

Бұл игіліктерді Алла Тағала тек қана өткен ұрпақ пайғамбарлары мен тақуаларына ғана нәсіп етіп қоймаған, сондай-ақ, Ол әр уақытта да жақсылыққа жақсылықпен жауап беріп отырады: «Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны жақсы тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз».  (16:97)

Алайда мүмін, бірінші кезекте, келесі өмірдің игілігіне ұмтылады. Туған-туыстарын, отбасын, мүлігін дін үшін қалдырып кеткен алғашқы мұсылмандар бұған жақсы мысал бола алады. Сондықтан Алла Тағала оларға билік пен байлық нәсіп еткен, бірақ бұл олардың Аллаға деген ризалығын одан сайын арттырған.

Алла Тағала Құранда: «Кім бір жақсылық келтірсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық істесе, сондай-ақ қана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшыратылмайды», - дейді. (6:160)

«Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді». (4:40)

Алла Тағаланың жомарттығы – адамның жасаған жақсы амалдарын арттырып, ақирет өмірінде мәңгілікке игілікке кенелтуі.

«Және олар: «Оған, Раббылары тарапынан бір мұғжиза неге түсірілмейді?»,- дейді. Сонда сен оларға: «Негізінен көмес, Аллаға тән. Сондықтан күтіңдер! Мен де сендермен бірге соны тосамын!». (10:20)

Бұл дүниеде жасалған жақсы амалдары үшін мәңгілік рақатқа бөлеу Алланың пенделеріне берген уәдесі – бұл Алла Тағаланың Өз құлдарына деген мейірімі мен жомарттығының айқын көрсеткіші болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: