Қасиетті Құранда Алла Тағала былай айтқан:
«Сонда оған: “Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса” деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті” деп уахи еттік» (23:27).
«Дау жоқ! Алла, олардың жасырғандарын көрнеу істегендерін біледі. Расында Алла өзін жоғары санағандарды жақсы көрмейді» (16:23).
«Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды: Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді!» (23:55-56).
Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі) былай айтқан:
«Өз-өзіне сүйсініп, киген киіміне мақтанып келе жатқан бір адамды жерге жұт деп бұйырған Алла Тағала әрі ол Қиямет күніне дейін жерге бата беретін болады».
«Озбыр мен өркөкірек Қиямет күні ұсақ құмырсқа түрінде тіріледі әрі оларды адамдар таптайтын болады».
Біздің кейбір ата-бабаларымыз тәкаппарлық — Аллаға қарсы жасалған бірінші «бүлік» деп айтқан.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
«Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды» (2: 34).
Ібіліс сияқты дандайсығандарға еш пайда болмайды.
Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан:
«Тәкаппарлық -хақты қабылдамау әрі адамдарға паңдана қарау».
Алла Тағала Құранда былай айтқан:
«Адамдарға паңсып, қырындама да жерде кердеңдеп, жүрме. Расында Алла, бүкіл дандайсыған мақтаншақты жақсы көрмейді» (31:18).
Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың былай айтқанын келтірген:
«Ұлылық – менің киімім. Құдіреттілік – менің жамылғым. Осыда кімде-кім менімен жарысатын болса, оны Отқа тастаймын».
Басқа бір хадисте былай келтірілген: «Бір күні Жұмақ пен Тозақ дауласа бастайды. Жұмақ айтады: «Уа, Жаратушым! Неге маған тек әлсіздер мен дәрменсіздерғана кіреді?» Ал Тозақ айтады: «Мен тәкаппарлар мен әділетсіздердің орнымын».
Алла Тағала Құранда айтқан:
«Міне ақырет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бүліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңғы табыс тақуалар үшін» (28:83).
Саляма бин Акуа былай айтқан:
«Бір күні Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қасында отырған бір адам тамақты сол қолмен жеп отырады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Оң қолыңмен же», - дейді. Әлгі адам: «Жей алмаймын», -деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Неге жей алмайсың? Тек сенің тәкаппарлығың ғана жегізбей отыр», - дейді. Сол адам содан кейін қолын көтере алмай қалған екен».
Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
«Тозақ мекендеушілері туралы білгілерің келе ме? Олар – аяусыз дұшпан, сараң әрі өркөкірек», - деген.
Ибн Омар (ол кісіге Алла разы болсын) Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген: «Паңданып әрі дандайсып жүретін адам Алланың қаһарына ұшырайды».
Әбу Хурайра (ол кісіге Алла разы болсын): «Бірінші болып Тозаққа келесі үш топ кіреді: өз халқына зиян келтіретін билеуші; мүлігін дұрыс жұмсамайтын байлық иесі; тәкаппар кедей».
Өркөкіректіктің ең жоғары дәрежесі – өз білімімен әрі өзінің әлдебір артықшылығымен басқаларға деген паң қарым-қатынасы деп санаймын. Мұндай адамға оның білімі еш пайда бермейді. Тек мәңгілік өмір үшін алынған білім ғана адамды кішіпейіл етеді, жүрегін тыныштандырып, нәпсісін уысында ұстатқызады әрі оны еркіне қоя бермей, үнемі қадағалап, одан есеп алып отыратын етеді. Егер мұны жасамаса, ол тура жолдан тайып, құрдымға кетеді. Тәкаппарлықтың ең жоғары дәрежесі – дандайсу үшін адамның білім алуы, мұсылмандарға жоғарыдан қарап, олардың беделін түсіруі. Осы арада мына қағиданы еске сала кеткен жөн: «Кімнің жүрегінде тарының түйіріндей тәкаппарлық болса, ол Жұмаққа кірмейді».
Уа лә хаулә уа лә куууата иллә билләһ.